2018 ж. 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде «Тарих. Тағылым. Тұлғалар» IХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік тарихи конференция өтеді.Конференция 2002 ж. бері араға екі жыл салып өткізіліп келеді. Конференция Қазақстанға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация тарихына арналады. Қатысушылардың географиясы − Белоруссия, Израиль, Қазақстан, Канада, Қырғызстан, Латвия, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина жәнет.
Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және «Мицва» Қауымдастығы.
Конференция екі еркін тақырыпқа арналады:
- Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанға, Орталық Азияның басқа да елдеріне және Батыс Сібірге қоныс аударушылар мен қашқындар. Қоныс аударған, қашып келген адамдардың тағдырлары, өндіріс орындары, мәдениет мекемелері, сондай-ақ жаһандық саяси оқиғалардың нәтижесінде тұрғылықты орнын ауыстыруға мәжбүр болған халықтардың өмірі туралы;
- Орталық Азия және Батыс Сібір еврейлерінің тарихы.
- Сонымен бірге, іс-шара шеңберінде «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» бірлесе отырып,«Тарих. Тағылым. Тұлғалар» тақырыптық тарихи-құжаттық көрменің танытылымы ұйымдастырылады.
Архив материалдарын талдау нәтижесінде партиялық және кеңестік органдардың қоныс аударылғандарды қабылдау мен орналастыру алдын ала жоспарланғаны туралы қорытынды шығаруға болады. 1941 ж. 20 шілдесінде Қазақстанда Үкімет жанынан Эвакуация бөлімі құрылды. Ал 1941 ж. 31 шілдесінде ҚазКСР ХКК және Қазақстан КП (б) ОК-нің қаулысымен Эвакуациялық комиссия құрылады. Тұрғындарды жұмысқа орналастыру, өндірістік кәсіпорындар мен мекемелерді, оқу орындарын, әскери бөлімдерді, госпитальдерді жайғастырумен құзіретті органдар айналысты. Республика территориясында 323 адамнан тұратын 12 эвакуациялық пункттер құрылды. Қазақстанға өндірістік кәсіпорындардың көшірілуінің тоқтауына және 1942 ж. 8 наурызда Халық комиссарлар кеңесінің құрамында көшірілген халықты шаруашылық орналастырумен айналысатын арнайы бөлімнің ашылуына байланысты Эвакокомиссия өз жұмысын тоқтатты. Сәйкесінше мұндай бөлімдер облыстық атқару комитеттерінде де құрылды, олар өз кезегінде көшірілген тұрғындар тізімінен өндіріске қажетті мамандар мен еңбекке жарамдыларды анықтаумен айналысты. Халық комиссарлар кеңесінің мәліметі бойынша 1943 ж. 1 ақпанында Қазақстанға 482 474 адам көшірілген болса, олардың 35% қалаларда, 65% ауылды жерлерге қоныстанған. Келесі 5 айда республикаға 50 мыңнан аса адам көшіп келген. Кейіннен басқыншылардан азат етілген территорияларға реэвакуация болды.
1941 ж. соңы - 1942 ж. басында Қазақстанға майдан шебіндегі – Украина, Белоруссия, Ленинград, Мәскеу, Ростов, Таганрог қалалары, Ленинград және Мәскеу облыстарынан кәсіпорындар көшіріліп, қайта орналастырылды. Республикада 220 ірі, орта және шағын зауыттар, фабрикалар мен шеберханалар, еңбек бірлестіктері мен промкомбинаттар қайта қалпына келтірілді. Соғыс кезінде 20 зауыт, фабрикалар мен шеберханалар, конструкторлық бюролар қайта көшірілді. Республикаға көшірілген кәсіпорындар негізінде елімізде машина жасау, білдек жасау өнеркәсібі, қара металлургия, қорғаныс өнеркәсібі пайда болды. Аз уақыттың ішінде көшірілген зауыттар мен фабрикалар еліміздің әскери экономикасының бірыңғай құрамдас бөлігіне айналды.
Сонымен қатар, республикаға эвакуация кезінде өзінің келешек өмірін Қазақстанмен біржола байланыстырған жоғары білімді, білікті мамандар да келді.
Көрмеде республикаға көшірілген өндіріс орындарды, ғылыми және мәдени мекемелерді орналастыру және олардың жұмысы туралы құжаттар, эвакогоспитальдердің материалдары, эвакуацияланғандардың тізімдері, өмірбаяндары және т. б.құжаттар мен жәдігерлер көпшіліктің назарына ұсынылады.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, 050010, Алматы қ., Достық даңғылы 87 б, тел. +7 (727) 264 69 07, +7 (727) 264 42 69, факс. +7 (727) 264 68 21.